Amazon Web Services бұлтты ортасындағы жұмыс туралы

Сіз Kaspersky Security Center бағдарламасын AWS Marketplace қолданбалар дүкенінде AMI (Amazon Machine Image) кескіні – алдын ала конфигурацияланған виртуалды машинаның дайын кескіні түрінде сатып ала аласыз. Сіз ақылы дайын AMI немесе BYOL AMI кескініне жазыла аласыз және осы кескіннің негізінде Kaspersky Security Center Басқару сервері орнатылған Amazon EC2 данасын жасай аласыз.

AWS платформасымен жұмыс істеу үшін, атап айтқанда AWS Marketplace дүкенінен қолданбаларды сатып алу және даналар жасау үшін сізге Amazon Web Services есептік жазбасы қажет. Сіз https://aws.amazon.com/ru сайында тегін есептік жазба жасай аласыз. Сондай-ақ, қолданыстағы Amazon есептік жазбасын қолдана аласыз.

AWS Marketplace қолданбалар дүкенінде қолжетімді AMI кескініне жазылсаңыз, онда жұмысқа дайын Kaspersky Security Center бағдарламасы бар данаға ие боласыз. Бағдарламаны өзіңіз орнатудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда, Kaspersky Security Center Басқару сервері данаға сіздің қатысуыңызсыз орнатылады. Орнатқаннан кейін, сіз Басқару консолін іске қосып, Kaspersky Security Center бағдарламасымен жұмысты бастау үшін Басқару серверіне қосыла аласыз.

AMI кескіндері не екені және AWS Marketplace қолданбалар дүкені қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат AWS Marketplace анықтама бетінде келтірілген. AWS платформасымен жұмыс істеу туралы, даналарды қолдану туралы және олармен байланысты түсініктер туралы ақпарат Amazon Web Services құжаттамасында көрсетілген.

Осы құжатта көрсетілген веб-беттердің мекенжайлары Kaspersky Security Center шыққан күні дұрыс болып саналады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Аппараттық және бағдарламалық талаптар

Басына оралу